PRO желісінде сәби бар кез келген үйге арналған базалық аспаптар ұсынылған. Балалар мен олардың ата-аналары туралы қамқорлықпен жасалған профилактика, емдеу және денсаулықты қадағалау үшін сенімді және қолжетімді шешімдер.
B.Well аспираторы сәби үшін қауіпсіз: оңтайлы қысым мұрынды, жұмсақ ұштықты тиімді әрі ұқыпты тазартады, шырышқы қабықты жарақаттамайды, қарапайым басқару процедураны толығымен бақылауға мүмкіндік береді.
Арнайы құрылымы аспапты оңай бөлшектеуге және жууға мүмкіндік береді. Электрлік аспиратор инфекция тасымайды және ана денсаулығына қауіпсіз.
Бір батырмамен басқару ата-аналарға қолайлы және сәбиге қауіпсіз.
Қауіпсіз және тиімді B.Well аспираторды тіпті ең кішкентай балаларға да қолдануға болады.
B.Well небулайзерлері небулайзерлік терапияға арналған толық препараттар тізімін пайдалануға мүмкіндік береді. B.Well шашырату технологиялары дәрілік заттың бұзылуына болдырмайды және барлық ингаляциялық препараттарға үйлеседі, соның ішінде муколитиктер, антибиотиктер және гормоналды препараттар.
B.Well аспаптары ересектер мен балалар денсаулығының ерекшеліктерін ескере отырып жасалған және әртүрлі өлшемдегі маскалармен жиынтықталады.
Желіден және батареядан жұмыс істейтін шағын және жеңіл аспап үнемі жаныңызда болады.
B.Well компрессорлық небулайзердің шуылы қаттылығы жағынан кәдімгі әңгімелесудің дыбысымен бірдей.
Шашыратудың MESH-технологиясы аспаптың шуылсыз жұмысын қамтамасыз етеді, бұл ересектер үшін жайлы және әсіресе балалар үшін ерекше қолайлы. B.Well шуылсыз ингаляторымен тіпті ұйықтап жатқан кезде процедура өткізуге болады.
Дәрінің төмен қалдық көлемі (0,15 мл дейін) препаратты үнемді шығындауға және дәрінің аз мөлшерінің өзінде тиімді ингаляция өткізуге мүмкіндік береді.
Аспапты сақтау және өзіңізбен алуға қолайлы.
Өлшеу процесін сүйемелдейді, термометрді дұрыс пайдалануға көмектеседі
Дисплейдің жарықтандыруы өлшеуді тіпті түнде де қолайлы етеді
Иілгіш ұштығы өлшеу кезінде жайлылықты қамтамасыз етеді. Ол 45° дейін майысады және оңай дене пішінін қабылдайды.
Термометр судан қорықпайды. Арнайы су өткізбейтін ендірмелері аспаптың ішіне судың кіруінен қорғайды.
Қол тигізбестен температураны лезде өлшеу.
Біз өз тауарларымызды желілерге бөле отырып, таңдауды жеңілдеттік: MED, PRO және TECHNO. Енді әркім қажеттілігіне қарай, өзіне қажетті өнімді таба алады!
PRO желісінде сәби бар кез келген үйге арналған базалық аспаптар ұсынылған. Балалар мен олардың ата-аналары туралы қамқорлықпен жасалған профилактика, емдеу және денсаулықты қадағалау үшін сенімді және қолжетімді шешімдер.
MED аспаптары Сіздің сәбиіңіздің денсаулығын қорғауға арналған кеңейтілген функциялары бар. MED термометрлері кез-келген бұзықтың температурасын өлшеуге көмектеседі, шағын әрі дыбыссыз ингаляторлар кез келген жастағы балалар үшін қолайлы.
TECHNO аспаптары — бұл жақындарыңыздың денсаулығына арналған инновациялық технологиялар. Олар кез келген жағдайда максималды жайлылықты қамтамасыз етеді.