Таңдау
тонометрлер

Өнімнің өндірісін әзірлеу, тексеру және бақылауды B.Well Swiss AG (Швейцария) жүзеге асырады. Қолданылатын Swiss бақылау жүйесі жоғары сапа, төзімділік және B.Well компаниясының барлық өнімдерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді.

B.Well Swiss AG компаниясының өнімдері ISO 9001:2008 және ISO 13485:2012 халықаралық сапа стандарттарына; медициналық жабдық мәселесі бойынша Еуропалық Қауымдастық кеңесінің 1993 жылдың 14 маусымындағы 93/42/ЕЕС Директивасына сәйкес келеді.

B. Well желілері

Біз өз тауарларымызды желілерге бөле отырып, таңдауды жеңілдеттік: MED, PRO және TECHNO. Енді әркім қажеттілігіне қарай, өзіне қажетті өнімді таба алады!

PRO тонометрлері — бұл негізгі функциялары бар аспаптар. Олар дәл, сенімді және қарапайымдылық пен қолжетімділікті бағалайтындарға арналған. PRO желісінде электронды аспаптардың барлық қатары ұсынылған — автоматты және жартылай автоматты модельдер, білек тонометрлері.

MED тонометрлерікеңейтілген функциялар жиынтығымен және пайдалану жайлылығымен ерекшеленеді. Бұл аспаптар денсаулықты қадағалаудың заманауи технологияларына бағдарланғандарға арналған. Өлшенген қысымның деңгейін ескертетін түрлі-түсті дисплей, жадының жетілдірілген мүмкіндіктері, 3Check  өлшеу технологиясы – MED аспаптарының қасиеттері.

TECHNO желісінің аспаптары заманауи жоғары технологиялардың артықшылықтарын қолданады. Сол себептен олар тиімдірек және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, отбасының әрбір мүшесіне қамқорлық көрсетеді.